«Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жумагулова Батима Жумабековна
Жумагулова Батима Жумабековна 1977 жылы 16 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Аралтоғай селосы, Ұлғайсын ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.
1994 жылы Қарабұтақ қазақ орта мектебін тәмамдап, 1994-2000 жылдар аралығында Атырау қаласы, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде оқыды. Мамандығы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2000 жылы Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Т.Г.Шевченко мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
2001 жылы Әйтеке би ауданы, Ұлғайсын селосы, Б.Сейсекенов атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ауыстырылды.
2007-2009 жылдар аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2009-2010 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2010 жылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметіне ауыстырылды.
2014 жылдан бастап Б. Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп келеді.
Қазіргі уақытта Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет етеді.