«Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 1972 жылы Дөңгелексор орталау мектебі болып құрылды.
1994 жылы мектеп Сейсекенов атындағы орта мектеп болып өзгертілді.
16.01.2018 жылы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21-желтоқсандағы №1256 «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімінің №11 қаулысымен «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
20.01.2021 жылы Әділет министрлігіне мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Мектеп ғимаратының техникалық паспорты бойынша жалпы деректері:
- Ғимараттың салынған жылы – 1972 жыл
- Ғимарат жобасы – ыңғайластырылған
- Сыйымдылығы – 60
- Қабаттар саны – 1
- Құрылыс материалы – саман
- Жалпы алаңы – 526,8 м2
- Пайдалы алаңы – 323,7 м2
Әкімшілік штат кестесі бойынша мектеп директоры – 1, мектеп директорының орынбасарлары – 2, шаруашылық жөніндегі орынбасары – 1.
Мектеп кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылын мектеп 77 оқушымен, 10 класс комплектімен бастады. Мектепте 6 оқу кабинеті бар. Мектепте медициналық кабинет, кітапхана, асхана, физика, химия кабинеттері бар. Мектеп 5 күндік оқу режиміне көшті, сабақ ұзақтығы – 45 минут.
Кадрлар құрамы тұрақты және жоғары білімді мамандар педагогикалық ұжымның 65% -ын құрайды. Мұғалімдердің барлығының педагогикалық білімі бар. Педагог-зерттеуші – 2, педагог-сарапшы – 4, педагог-модератор – 2, І санатты – 4, ІІ санатты – 5 маман бар.
Мектептің әдістемелік жұмысы әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер негізінде жүргізіледі. Оқу-әдістемелік жұмыс мақсаты - «Білімді сапалы түрде жоғары деңгейге көтере отырып, білімді оқушыны заманауи талапқа сай тәрбиелеу». Әдістемелік жұмыс жоспары мектептің жылдық жоспарымен байланыстырыла төмендегідей бағыттарды қамтыды:
- Әдістемелік кеңес
- Апталықтар, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучингтер.
- Жаңашылдық жұмыстар.
- Педагогикалық іс-тәжірибені тарату, жинақтау. Өз білімдерін жетілдіру.
- Жас мамандармен жұмыс.
- Дарынды балалармен жұмыс.
- Аттестация
- Оқу үрдісіндегі әдістемелік шаралар.
- Тәрбиелік шаралар.
Мектепте 3 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды: гуманитарлық пәндер бірлестігі, жаратылыстану пәндер бірлестігі, бастауыш сынып бірлестігі.
Мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін және тұл жетім, жартылай жетім оқушыларды қолдау және оқу-тәрбие саласы бойынша басқа да мәселелерді қолдау мақсатында қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мектеп директорының міндетін атқарушы болып Жумагулова Батима Жумабековна қызмет етеді.
Бүркітәлі Сейсекенов
/1888-1938ж/
1888 жылы қазіргі Әйтеке би /Қарабұтақ/ ауданы Түйемойнақ ауылында туып, 1938 жылы 28-ақпанда Алматы қаласында халық жауы қатарында атылған. Негізгі шаруашылығы диханшы. Қоғам қайраткері.
Әуелі діни мектепте оқыған, кейін екі жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген. 1919 жылдан ВКП/б/ мүшесі. Мүшелік билеті 1931717. Ырғыз ауданында партияға қабылданған. 1918-1924 жылы Ырғыз уезінде, Шалқар, Ақтөбе қаласында милиция органдарында қызмет етті.
Негізгі атқарған қызметтері:
1918-1919 жылдары Ырғыз милициясы – іс жүргізуші.
1919-1920 жылдары Ырғыз милициясы – бастықтың жәрдемшісі.
1920-1923 жылдары Ырғыз милициясы – бастығы.
1923-1924 жылдары Ырғыз милициясы – угрозыск бастығы.
1924 жылы Шалқар милициясы – угрозыск бастығы.
1925-1926 жылдары Ақтөбе қалалық Халық судьясы.
927 жылы Ақтөбе қаласы – губерниялық инспектор.
1927-1929 жылдары Алматы округі өлкелік жұмысшы-шаруа милициясы
1930 жылы қаңтар-қараша аралығында Қарақалпақ АССР –да НКВД бастығы
1931-1933 жылдары Алматы қаласында жұмысшы-шаруа милиция Өлкелік басқарма бастығының орынбасары.
1933 жылы Еңбек халық комиссияратының бастығының орынбасары.
1934 жылғы маусымнан 1936 жылға дейін КАЗСР-ы Әлеуметтік қамсыздандыру халық комиссарының орынбасары.
1936 жылдың 21-сәуірінен 1937 жылдың тамызына дейін Алматы облысындағы мемлекеттік қорықтың директоры.
1937 жылы 20-тамызда «контррефолюциялық –ұлтшылдық фашистік элементтермен байланысы бар» деген жалған айыппен тұтқындалған. Түрмеде жатқанда партия қатарынан шығарылған.
1938 жылы 28-ақпанда атылған. Тәуелсіздік тұсында ақталды.
1928 жылы Б.Сейсекенов Орталық админстративтік басқармасының грамотасымен наградталған. 1930 жылы ұзақ жылдар бойы милицияда адал қызметі үшін аттестатпен наградталған. 1931 жылы жұмысшы-шаруа милициясы басқармасының орынбасары азамат соғысы кезіндегі еңбектері үшін ОГПУ ұсынысымен КАЗЦИК –тің қолдауымен Қызыл Ту орденіне ұсынылған. Бірақ бұл орденнің тағдыры белгісіз. Белгісіз себептермен Москва Қазақстанның ұсынысын бекітпеген.
Қазіргі уақытта Б.Сейсекеновтен қалған 3 баладан 40-тың үстінде немере, шбере бар. Қарабұтақ өңірінің азаматы Бүркітәлі Сейсекенов кезінде жазықсыз репрессияға ұшыраған көптеген жерлестеріміздің бірі. Ол кісінің есімін тек аудан емес, республика дәрежесінде белгілі болған. Әйтеке би ауданының ономастикалық комиссиясының шешімімен 1994 жылы Бүркітәлі Сейсекеновтің есімі Қарабұтақ аулының бңр көшесіне берілді. Аралтоғай селолық округіндегі Дөңгелексор орталау мектебінің ұжымының сұрауы бойынша мектепке Б.Сейсекеновтің аты 1994 жылы берілді. Бұл шешімді аудандық ономастикалық комиссиясы және аудандық мәслихат сессиясы бекітті.