10 Желт 2021
Страницы "Сейсекенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп әкімшілігі

 

Жумагулова Батима Жумабековна

 

Жумагулова Батима Жумабековна 1977  жылы 16 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Аралтоғай селосы, Ұлғайсын ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.

1994 жылы Қарабұтақ қазақ орта мектебін тәмамдап, 1994-2000 жылдар аралығында Атырау қаласы, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде оқыды. Мамандығы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

2000 жылы Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Т.Г.Шевченко мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

2001 жылы Әйтеке би ауданы, Ұлғайсын селосы, Б.Сейсекенов атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ауыстырылды.

2007-2009 жылдар аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

2009-2010 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметіне ауыстырылды.

2014 жылдан бастап Б. Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып  қызмет етіп келеді.

Қазіргі уақытта Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директорының міндетін атқарушы болып қызмет етеді.

 

Жұмырова Гүлбағдат Сисенғалиқызы

 

Жұмырова Гүлбағдат Сисенғалиқызы 1988 жылы 26 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ.

2004 жылы Қалыбай негізгі мектебін аяқтап, 2004-2008 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы педагогикалық колледжінде «Бастауыш сынып және ИЕТН» мамандығы бойынша білім алады. 2008 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, 2013 жылы аяқтады.

2009жылы Қалыбай негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды.

2012 жылы Әйтеке би ауданы, Ұлғайсын аулындағы Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне қызметке орналасты.

2014 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарады.

2019 жылдан бастап қосымша білім беру педагогі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғадлімі және оқу ісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Молдабаева Жанат Мирамбековна

 

Молдабаева Жанат Мирамбековна 1976 жылы 18 ақпанда Ақтөбе облысы , Қарабұтақ ауданы , Ұлғайсын селосында дүниеге келді .Ұлты -қазақ .

1990 жылы Ақтөбе облысы , Қарабұтақ ауданы , Ұлғайсын селосындағы Дөңгелексор орталау мектебін тамамдап , 1990-1993 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы медициналық училищеде оқыды

2000-2004 жыл аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде оқыды .Мамандығы бойынша биология пәнінің мұғалімі .

2004 жылдан 2014 жылға дейін Б.Сейсекенов атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі болды

2014 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтөбе облысы , Әйтеке би ауданы , Ұлғайсын селосындағы Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта мектебінде мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар